Студент Әлия Молдағұлова туралы комикс жасады | 02.05.2025

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

КӨЗ ЖҰМДЫ
Оралда сымға ілініп қалған допты алуға тырысқан 9 жасар бала көз жұмды. Тоқ соғу оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

ЗАҢСЫЗ БИЗНЕС
Шымкентте 500-ден астам адам жүргізуші куәлігін емтихан тапсырмай алған. Куәлік беруді бизнеске айналдырған топ бұл қызметі үшін 400 мың теңгеге дейін пара алып отырған.

ӨРКЕНИЕТСІЗ ӨЛКЕ
Не жол, не жарық жоқ. Көшеге де, атау қойылмаған. Ол жаққа тіпті жедел жәрдем мен такси де бармайды. Өркениеттен мақұрым қалған шағын аудан Қызылорда қаласының қақ ортасында орналасқан.

БҰҚТЫРМА КӨТЕРІЛДІ
Елдің шығысындағы Бұқтырма асаулық танытты. Таулы өлкеде мұздық еріп, өзенге құйылған. Ал Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны қаупі сейіліп, көмеккке барған әскерилер кері қайттты.

AI КОМИКС
Жас буын батыр рухын жаңғыртты. Студент қазақтың батыры Әлия Молдағұлова туралы заманауи комикс әзірледі. Жасанды интеллектпен әзірленген жоба оқушы үшін таптырмас мотивация болды.
———————————————