Талдықорғанда Шерзат Полат өлімі бойынша сот отырысы жалғасып жатыр.
Бүгінгі процесте оқиға маңында тұратын тұрғындардан жауап алынды. Өзін түсірмеуді сұраған бір тұрғын «Қамажай» дүкені маңындағы болған жағдайды толық айтып, мылтық атылғанын растады. Шерзат Полаттың құлағанын көргенін және бір топ жігіттің жасөспірім жығылса да, ұрып-соғуын жалғастырғанын айтты. Куәгер оқиға орнына жедел жәрдем шақырған.
Сондай-ақ бұл отырыста оқиға орнынан тағы бірнеше бейнежазба көрсетіліп, мемлекеттік айыптаушы тағы алты куәгердің түсініктемесін оқыды. Келесі отырыста сотталушылардан жауап алу басталады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.