Қуандық Бишімбаевты тағы екі сот процесі күтіп тұр. Қазір жазасын өтеп жатқан экс-министрдің адвокаты Ерлан Ғазымжанов осындай мәлімдеме жасады. Біріншісі – алимент төлеу мәселесі. Қаржы көлемі Бишімбаев табыс тауып тұрған кезде бекітілген. Ал қазір ол жұмыссыз болғандықтан, белгіленген соманы төлей алмауы мүмкін. Екіншісі – моральдық өтемақыға байланысты. Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді бұл талаппен жеке шағым түсірген.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.