Жамбыл облысында оқушы орнына тест тапсыруға тырысқан мұғалімдер ұсталып қалды. Ұстаздардың ұрлығы Қордай ауданында анықталды.
Айталық, Қордай ауданындағы бір мектепте тексерушінің сыныптан шыққанын білу үшін, камерасы бар телефон орнатып, сұрақтарға қашықтан көмектескен. Ал екінші мектепте компьютер автоматты түрде өзі «тесттен өткен». Өңірдің тестілеу комиссиясы мектеп директорларына тәртіптік жаза қолдануды ұсынды. Ал жауапты қызметкерлер жазаға тартылды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.