Батыс Қазақстан облысының Петрово ауылы тұрғындары түгел көшірілетін болды. Жергілікті билік осындай шешім қабылдады. Елді мекен іргесінен мұнай-газ кен орны ашылғалы бері әлеуметтік мәселе көбейген. Ел көше бастаған. Қазір ауылда мектеп, аурухана, дүкен атымен жоқ. Ал Бәйтерек ауданы әкімдігі өкілдерінің айтуынша, бұл ауыл санитарлық аймаққа кірмейді. Дегенмен тұрғындарды көрші елді мекенге көшіру жоспарланып отыр.
ОЛЬГА АГАФОНОВА, ПЕТРОВО АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
— Тұрғындарды көшіреді деген әңгіме тарады. Бірақ бізбен ақылдасқан ешкім жоқ. Билік жиналыс өткізіп, мән-жайды толық түсіндіру керек қой. Біздің де айтарымыз бар. Бастысы, таңдау болу керек.
АСЛАН ДАУБАЕВ, АУДАНДЫҚ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
— Халықтың өтініші бойынша 15-ке жуық үйді көшіру жоспарланып отыр. Әзірге бұл мақсатқа қаражат бөлінген жоқ, бірақ бюджетке өтінім беріп қойдық. Сәтін салса, олардың барлығы Январцево ауылына қоныстанады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.