Қызылорда облысында 300 мың гектардан аса жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Қызылорда облысында 300 мың гектардан аса жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл аумақтар бұрын заңсыз берілген. Мақсатты пайдаланылмай, ұзақ уақыт бос жатқан. Сала мамандары биыл игерілмей жатқан тағы 60 мың гектардай алқапты кері қайтаруды жоспарлап отыр. Ауыл шаруашылығына негізделген жер телімдері шын мәнінде ата кәсіппен шұғылданып жүрген азаматтарға беріледі.
ҚОЖАХМЕТ СҮЙІНДІКОВ, СЫРДАРИЯ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
— «Жер аманаты» жобасы аясында 320 га жер алып, кәсібімді бастап жатырмын. Қазірде ірі қара, жылқы асырап жатырмыз жанұямызбен. Оның үстіне, атадан мал қалғанша, тал қалсын деп 100 түптей жеміс ағашын отырғыздым. Тоған шаруашылығы аясында да жасанды көл жасадым.
———————————————