Қазақстан жастарының 84,6%-ы Президентке сенеді

Қазақстан жастарының 84,6%-ы Президентке сенеді. Азаматтардың 73,3%-ы Қазақстан дұрыс бағытта дамып келе жатыр деп санайды. Қазақстан стратегиялық зерттеу институтының тапсырысымен жүргізілген әлеуметтік сауалнама нәтижесі осындай.
Айталық, Мемлекет басшысының бастамаларын 18-29 жас аралығындағы жастардың — 82%-ы қолдайды. Қоғамдық пікір қорытындысына сәйкес, ел азаматтарының 76,4%-ы Мемлекет басшысына сенім артады. Сауалнамаға қатысқандардың жартысынан көбі, яғни — 60,8%-ы елдің алдағы бес жылдағы даму болашағы нәтижелі болады деп есептейді. Респонденттердің 57,3%-ы қазіргі өмір сүру деңгейіне толық қанағаттанады, ал 32,8%-ы қанағаттанатынын айтқан.
———————————————