Бірқатар күштік құрылым өкілі наградалармен марапатталды

Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғизат Нұрдәулетов, Парламент Сенатының депутаты Марат Қожаев және бірқатар күштік құрылым өкілі мемлекеттік наградалармен марапатталды. Мемлекет басшысының Жарлығымен әскери және қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуге, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін жалпы саны 30 азамат наградталды.
Атап айтқанда, I дәрежелі «Барыс» ордені, I және II дәрежелі «Даңқ» ордені, I және II дәрежелі «Айбын» ордені, «Құрмет» ордені табыс етілді. Бұдан бөлек, Прездиенттің Жарлығымен 25 әскери маманның шені өсті.
———————————————