Елордада 7 мамырда ауқымды әскери шеру өтеді. Ол Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне арналады. Бұл жолы парадта 4 мыңнан астам әскери қатысып, 200-дей техника, 66 ұшақ пен тікұшақтың тегеуріні паш етіледі. Салтанатты шеру 11:00-де басталады. Өтетін орны – Тәуелсіздік алаңы. Ауқымды шараны республикалық телеарналардан, қаладағы барлық LED экраннан және Қорғаныс министрлігінің YouTube арнасынан тікелей эфирде тамашалауға болады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.