ШЕРЗАТ ІСІ: көршілерден жауап алынды | 05.05.2025

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ШЕРЗАТ ІСІ
Шерзат Полат ісі бойынша кезекті сот отырысы жалғасты. Бүгін куәгерлерден жауап алынды.

МҰҒАЛІМ ҰРЛЫҒЫ
Жамбыл облысында оқушы орнына тест тапсырмақ болған мұғалімдер ұсталып қалды. Ұстаздардың ұрлығы Қордай ауданында анықталды. Енді шәкірттеріне жаны ашыған педагогтарды жаза күтіп тұр.

ҚЫЗҒЫЛТ ҚАҒАЗ
Қатерлі дертпен күресіп жатқан алматылықтар қиындыққа тап болды. Олар жаны қиналғанда ішетін дәріні уақытылы ала алмай жатыр. Қалада қызғылт түсті бланк тапшы. Сонда сырқат қашанғы қиналмақ?

ЖАҢА ҚҰЖАТ
Қазақстанда мұнай-газ химиясы саласы туралы жеке заң әзірленеді. Бүгін Үкімет отырысында осындай бастама көтерілді. Енді жаңа құжаттың жобасы 1 қыркүйеке дейін дайын болуға тиіс.

ЖЕҢІС ШЕРУІ
Елордада 7 мамырда ауқымды әскери шеру өтеді. Ол – Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне арналады. Бұл жолы 4000-нан астам әскери, 200-дей техника, 66 ұшақ пен тікұшақтың тегеуріні паш етіледі.
———————————————