Талдықорғанда Шерзат Полат ісі бойынша сот отырысы жалғасты. Бүгінгі процесс сотталушылардан жауап алудан басталды. Күдіктілер оқиғаны кезекпен баяндады. Айыпталушы Дархан Әскентай бұған дейінгі түсініктемелерінде айтпаған дерек келтірді. Осыдан кейін айыптаушы тарап сотталушыларды сұрақ астына алды. Олардың қорғаушылары прокурор Дана Сәрсенбайдың істі жалғастыруына наразылық білдіріп, бір ауыздан сотқа талап-арыз жолдады. Алайда судья мемлекеттік айыптаушының әрекеттерінде процестен шектейтіндей себеп жоқ екенін заңдағы баптарға сүйеніп тұрып өтінішті қанағаттандырмады.
ЕРЖАН ЖАНҰЗАҚОВ, СОТ ТӨРАҒАСЫ:
— Сот қаулы етті. Адвокат Ержановтың мемлекеттік айыптаушы Сәрсенбайға қарсылық білдіру туралы өтініш хаты қанағаттандырудан бас тартылсын. Қарсылық білдіру, қабылдамау немесе қанағаттандыру туралы шағым жасауға прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға наразылық білдіруге жатпайды. Қаулымен келіспеу туралы дәлелдеп, аппеляциялық шағымға, прокурордың өтініш хатына немесе сот актілеріне кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтініш хатқа наразылыққа енгізілуі мүмкін.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.