Бишімбаевтың қарындасы Нүкенованы азаптау дәлелденбегенін мәлімдеді

Бишімбаевтың қарындасы Нүкенованы азаптау дәлелденбегенін мәлімдеді.
Аружан Бишімбаева әлеуметтік желідегі парақшасында бауыры Қуандық азаматтық некедегі жұбайы Салтанат Нүкенованы азаптамағанын, марқұмның «кетуге мүмкіндігі болғанын, бірақ кетпегенін» жазды. Оның айтуынша, Нүкенованың дене жарақаттары ауыр болмаған. Ал ағасын 24 жылға бас бостандығынан айыру – «өте қатаң жаза» деп есептейді Бишімбаевтың қарындасы. Сондай-ақ ол Нүкенованың отбасын жеке бастың пайдасын көздеді деп айыптады.
Бишімбаеваның бұл мәлімдемесі әлеуметтік желіде үлкен наразылық тудырды.
Қуандық Бишімбаев былтыр 13 мамырда әйелін өлтіргені үшін 24 жылға сотталған.
———————————————