Терроризмді насихаттаған радикалдар ұсталды

Діни радикалдардың жолы кесілді. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері еліміздің үш өңірінде терроризмді насихаттап, діни араздық тудырды деген күдікпен төрт адамды ұстады. Күдіктілер заңға қайшы әрекеттерін Астана қаласы, Абай, Ақтөбе және Түркістан облысында жүзеге асыруға ниеттенген. Өз орталары мен әлеуметтік желілерде теріс пиғылды діни ағымдар туралы айтып, үгіт-насихат жүргізген. Олардың бірі бұрын істі болған. Қазір осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.
———————————————