Қазақстан мен Вьетнам арасындағы келіссөздерге қол қойылды

Ақордада Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы То Ламды ресми қарсы алу рәсімі өтті. Мемлекет басшысы мейманмен келіссөз жүргізді. Былтыр екі ел арасындағы тауар айналымы 860 миллион долларға жеткен. Тараптар таяу жылдары бұл көрсеткішті 2 миллиард долларға жеткізуге ниетті.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам туризм саласындағы бірлескен жұмыстың перспективасы туралы пікір алмасты. Қазір Қазақстан мен Вьетнам арасында визасыз режим орнады, ал әуе қатынастарының саны 40-тан асты. Қазақстан президенті То Ламды І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. Келіссөз қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылданды.
———————————————