Жолаушының қол жүгі параметрге сай болмағандықтан рейстен қалдырылды

Ұшақта қол жүгін алып жүру ережесі әр әуе компаниясында әртүрлі. Бұл қаншалықты заңды? Атыраудағы әуежайда қол жүгіне қатысты болған даудан кейін, жолаушылар арасында осы мәселе қызу талқылана бастады.
ИНАРА БАРСАҚБАЕВА, ТІЛШІ:
— Атыраудан ұша алмаған қазақстандық жолаушы мен әуе компаниясы қызметкері арасындағы жанжал қазір әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Бейне жазба 3 миллион артық көрсетілім жинаған. Алдын ала мәлімет бойынша жолаушы әйелдің қол жүгі тиісті параметрлерге сай болмағандықтан рейстен қалдырылды. Даулы мәселенің туындауына осы себеп болған.

Fly Arystan әуе компнаиясының өкілдері жолаушы әйелді қара тізімге енгізгені туралы ақпараттың шындыққа жаныспайтынын да жеткізді.

ТАЛАНТ ХАСЕНОВ, Fly Arystan әуе компаниясының менеджері:
— Жолаушының қол жүгі ережеде белгіленген параметрден асып түсті. Рұқсат етілген қолжүгінің параметрі 56*23*36. Салмағы 5 келіден аспауға тиіс. Егер тиісті нормадан асатын болса, жолаушы 10 келі үшін қосымша төлем жасайды.

Жалпы, қолданыстағы заңнама бойынша әуе көлігінде қол жүгі мен багаждың салмағы нормаларын тасымалдаушы өзі белгілейді. Ішкі рейстердегі ұшақтардың көлемі шағын. Сондықтан қауіпсіздік мәселесіне мән берілген.

МӘДИНА ТЕМІРҒАЛИЕВА, Air Astana менеджері:
— Багажды алдын ала тексеріп алуы керек.

Ал Air Astana әуе компаниясы үшін қолжүгінің ұзындығы 56*45*25 см болуы шарт. Салмағы 8 келіден аспауы керек.
МӘДИНА ТЕМІРҒАЛИЕВА, Air Astana менеджері:
— Тарифқа байланысты. Эконом үшін багаж 23 келі.
Сол сияқты ұшақ ішіне алып кіретін қол сөмке нормасына да осыдан екі жыл бұрын өзгеріс енгізілді. Енді 100 мл ден асатын косметикалық сұйықтықтарды бортқа алып кіруге болмайды. Бұл талаптардың барлығы әуе компаниясының сайтында жазылған.
———————————————