Шығыс Қазақстан облысында 130-дан астам ауылда әлі күнге дейін интернет жоқ. Бұл елді мекендерде тұратын 5 мыңнан астам адам өркениет игілігін көре алмай келеді. Әсіресе шалғай ауылдарда жағдай қиын. Оқушылар электронды күнделікті толтыра алмай қиналса, басы ауырып балтыры сыздаған жандар дәрігердің қабылдауына онлайн жазыла алмайды. Тіпті қазіргі таңда Өскемен қаласы маңында да байланыс нашар. Мамандар мұны таулы жерде сигналдың жоғалуымен байланыстырады. Сондықтан провайдерлер болашақта қуатты антенна орнатпақшы. Жалпы жергілікті билік өкілдері жыл соңына дейін 60 елді мекенге интернет тартамыз сендіріп отыр.
АРНҰР САПАРҒАЛИЕВ, ЦИФРЛАНДЫРУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Мұндай мәселе ауылдардан бөлек Серебрянск, Риддер, Алтай сынды қалада да бар. Дегенмен сұрақ шешіледі. Себебі қазіргі таңда біз байланыс операторлармен арнайы келіссөздер жүргізіп жатырмыз.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.