Сәбилі болған әр ата-ана перзентхана жанына тал егеді

Сүйінші орнына ағаш егеді. Шымкенттегі №2 аурухананың перзентханасында жаңа өмірдің басталуын табиғатпен байланыстыратын акция жүріп жатыр. Яғни дүниеге келген әр сәбидің ата-анасы перзентхана аумағында тал отырғызады. Жасыл желекті нәрестенің жақындары күтіп-баптай алады. Бұл «Бір қозы дүниеге келсе, бір топ жусан артық шығады» деген тәмсілдің дәлелі іспетті. Былтыр бұл акцияға 500 отбасы үлес қосса, жыл басынан бері перзентхана маңында екі жүз сәбиге арнап тал егілген.
БАҚЫТЖАН ПОЗИЛОВ, №2 ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:
— Әр туылған бала қабылдау бөлімінен шығып жатқан кезде әке-шешесіне немесе туыстарына: «Осы баланың құрметіне ауруханамызға ағаш егіп кетсеңіз нұр үстіне нұр болар еді» деп айтамыз, оған ата-аналар да қуана келісіп жатыр.

ҚАЙРАТ БЕЙСЕН, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
— Қазақта «Әкеңнен мал қалғанша, тал қалсын» деген сөз бар ғой. Өзіміз де бір тал егіп, жақсы игілік болсын деп істеп жатырмыз.
———————————————