Талап қыл артық білуге.
Артық білім кітапта,
Ерінбей оқып көруге.
Бұл – Дулат Исабековтың «Дермене» кітабының мұқабасында жазылған сөздер. Бұдан былай осындай кітаптардың құны артып, жазушыға деген құрмет күшейеді.
Бүгін Ұлттық кітап күні. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды осы атаулы күнмен құттықтады. Былтыр Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Президент Ұлттық кітап күнін белгілеуді тапсырған болатын. Соған сәйкес, биылдан бастап 23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып белгіленді.
Бұл – білімпаздық, кітапқұмарлық сияқты игі қасиеттерді дәріптейтін сәт. Республика аумағында осы құндылықты қалыптастыруға негізделген түрлі шара өтті. Мысалы, «Ұлттық кітап» байқауы ұйымдастырылып, әр өңірде оқырманға кітап көрмесі ұсынылды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.