Қостанайда ер адам өзін өртеп жіберді

Қостанайда ер адам көлігінің ішінде өзін-өзі өртеп жіберді. Жантүршігерлік оқиға тұрғын үй аулаларының бірінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ол жанармай құтысын жүк салғыштан алып, көлікте денесіне құйған. Үстін өрт шалған бойда көліктен жүгіріп шыққан азаматқа куәгерлер көмектесуге тырысыпты. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі жетіп, ер адам ауруханаға жатқызылды. Қазір жансақтау бөлімінде, жағдайы ауыр. Полиция оқиға ізімен сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.
———————————————