Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ӨЗІН ӨРТЕДІ
Қостанайда ер адам үстіне бензин құйып, көлік ішінде өзін өртеп жіберді. Қазір ауруханада. Денесінің 90% күйік шалған.
ӨТІРІК ЕМШІ
Аңқау елге арамза молда. Ақтөбеде емшімін деп елді алдаған әйел сот алдында есеп беріп жатыр. Ол дауа іздеп барғандарды арбап, несие рәсімдетіп, оны өз шотына аударған. Сөйтіп, жүздеген адамның ақысын жеген.
СУ ЖАЙЫЛДЫ
Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары тасқыннан зардап шегіп жатыр. Қызылжар ауданына қарасты Прибрежное ауылы маңына су жайылды. Елді мекенге баратын жол жабылып, маңайға күзет бекеті қойылды.
ҚАЛДЫҚҚА КӨМІЛДІ
Өскемен маңы қоқыс алаңына айналып барады. Қала іргесінен 50-ден астам заңсыз полигон табылды. Енді оларды бір жерге жинау мәселесі шешімін таппай тұр. Шетте тұрмыстық қалдықты төгетін орын жоқ. Жергілікті билік жаңа полигон таппай дал.
ҰРПАҚ ҮШІН, ЕЛ ҮШІН
Бір қозы дүниеге келсе, бір топ жусан артық шығады. Шымкент тұрғындары осы тәмсілді жүзеге асыра бастады. Сәбилі болған әр әке перзентхана жанына тал егеді. Жыл басынан бері бұтағы бұлтқа ұмтылған ағаш саны екі жүзге жеткен.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.