Қыздарын Сирияға күйеуге бермек болған әйел ұсталды

Астанада 34 жастағы әйел 7 жылға сотталды. Оған терроризмді насихаттап, кәмелетке толмаған қыздарын Сириядағы баскесерлерге күйеуге бермек болды деген айып тағылды.
Айыпталушы Telegram желісі арқылы экстремистік бағыттағы материалдарды таратқан. Діни қақтығыстарға қатысуға үгіттеген. Тергеу барысында оның кінәсі дәлелденді. Күдікті Түркия арқылы Сирияға транзитпен ұшқалы тұрған жерінен Алматы әуежайында ұсталған.
———————————————