Заречный кентінің халқы жаппай көшіріледі

Петропавлда Есіл өзені бойында орналасқан Заречный кентінің халқы жаппай көшіріледі. Ол үшін қаланың екі ауданынан арнайы жер учаскесі бөлініп, екі көппәтерлі үй салына бастады. Құрылысы жыл соңына дейін аяқталады. Заречный ауданы қала іргесінде тұр. Мұнда 250-ден астам үй бар. Жылда көктемде өзен тасып, тұрғындар зардап шегеді. Сондықтан жергілікті билік ауданды толық жабуды жоспарлап отыр.
ӘСЕМ АЙТУЛОВА, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— Тұрғындарға «квадрат на квадрат» беріледі. Яғни бұрынғы үйлері қанша сонша квадратпен беріледі. Үйді жергілікті компания салып жатыр. Жылдың соңына дейін береміз деп жоспарлап отырмыз. Тұрғындардың барлығын көшіріп, Заречный ауданында тек бау, саяжайлар ғана қалады деп жоспарланып отыр. Тұрғын үйлердің барлығы көшіріледі.
———————————————