Соғыста жоғалған тағы бір қазақ жауынгерінің есімі жаңғырды

Екінші дүниежүзілік соғыста із-түссіз жоғалған тағы бір қазақ жауынгерінің есімі жаңғырды. Ресейлік іздестіру экспедициясының мүшелері Төкен Меңдішевтің сүйегі мен жеке заттарын тапты.
Сарбаз – Омбының тумасы. Ол сұрапыл соғысқа туған ағасы Қайыргелдімен бірге аттанған екен. Бауыры аман-есен елге оралады. Ал Төкен сарбаз хабар-ошарсыз кетіп, артында ұрпағы да қалмаған. Қазақ жауынгерінің етжақындары да табылды. Олар қазір Павлодар облысында тұрады. Майдангерге тиесілі қасық, сөмке, ұстара, ілмек, медаль сынды заттары әскери-тарихи музейге тапсырылды.
Айта кету керек, Төкен Меңдішев және тағы 194 жауынгердің сүйегі Чудской бор ауылының маңында орналдасқан мемориалдағы бауырластар зиратына жерленген.

АСҚАР БЕКІШЕВ, ТӨКЕН МЕҢДІШЕВТІҢ ТУЫСЫ:
— Атамыздың бауыры соғысқа кетіп, сол күйі оралмағанын естігенбіз. Атам оны көп іздеді. Дегенмен бұл әңгіме отбасымызда аса айтыла қойған жоқ. Әрине, тірі болса, қуанар едік. Дегенмен қазір біздің шындыққа көзіміз жетті.
———————————————