Ыстамбұлдағы жер сілкінісі кезінде 230-дан астам адам зардап шекті. Олардың дені қорыққаннан терезеден секіріп, мертіккен. Бұл мәлімет әлі де өзгеруі мүмкін. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ.
Жергілікті сейсмологтардың хабарлауынша, қауіп әлі сейілмеген. Алдағы күндері бұдан да жойқын жер сілкінісі болуы мүмкін. Айта кетейік, қуаты 6,2 балдық зілзала кеше болды. Жер асты дүмпуінің афтершогы 30 рет қайталанған. Зілзаланың эпицентрі Силиври қаласынан 26 шақырым жердегі Мәрмәр теңізінде тіркелді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.