Асыранды 6 баласына қорлық көрсеткен ата-ана | 24.04.2025

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

БАЛАНЫ БАСТЫ
Тағы да көлік қақты. Астанадағы тұрғын үйдің ауласында велосипед теуіп жүрген баланы жүк көлігі басып кетті. Ұл бала ауруханада көз жұмды. Бұдан бұрын осыған ұқсас екі оқиға болған еді.

ТЕРІС ПИҒЫЛДЫ ӘЙЕЛ
Астанада 34 жастағы әйел 7 жылға сотталды. Оған терроризмді насихаттап, кәмелетке толмаған қыздарын Сириядағы баскесерлерге күйеуге бермек болды деген айып тағылды.

ДӘРІ-ДӘРМЕК БИЗНЕСІ
Елде дәрі-дәрмек қымбаттап барады. «Оған саланы міндетті таңбалау тәртібі әсер етіп отыр», — дейді саудагерлер. Цифрландыру жүйесін жақамаған дәріхана иелеріне тоқтау бола ма? Тілші зерттеуі.

ЗІЛЗАЛА ЗАРДАБЫ
Ыстамбұлдағы жер сілкінісі кезінде 230-дан астам адам зардап шекті. Олардың дені қорыққаннан терезеден секіріп, мертіккен. Қуатты дүмпу отыз рет қайталанған. Зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ.

АҚЫЛДЫ ОҚУШЫ
Әлемнің ең үздік 50 жоғары оқу орны қазақстандық жас түлекке құда түсіп жатыр. Бақыттан басы айналған шымкенттік 11-сынып оқушысы Нұрым Серік қай білім ордасын таңдарын білмей отыр.
———————————————