Ақылы жолдар талапқа сай емес

Ақылы жол талапқа сай келмейді. Сырбойылық жолаушылардың Қызылорда – Арал қалааралық автотрассасына көңілі толмайды. Маңызды магистральдан қыруар қаржы түссе де, жайы жыларман күйде екеніне қынжылады. Тұрғындар әсіресе түн жорытқанда төрт түлік шыға келетінін айтады. Ойдым-ойдым тұстары да бар. «Тәулігіне шамамен мыңға жуық көлік өтетін жолда апат көп болады», — дейді жүргізушілер. Сондықтан полицейлер жол қауіпсіздігін дронмен бақылауға көшті.
АСҚАР АЙБАЗАРОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
— Арал өңіріне қарай жүретін болсақ, сапасы өте төмен. Өйткені жүк көліктері үлкен салмақпен жүреді. 60-40 тонналық жүк көліктері жүріп жатады. Біз жеңіл көлікпен жүрген кезде байқаймыз, жүк көлігі жолды ойып тастаған.
———————————————