Шымкентте төрт күнде 6 мыңға жуық жол ережесі бұзылды. Бұл бұрынғыдан 40% көп. Тәртіпке бағынбаған 161 жүргізушінің көлігі айып тұрағына қойылды. Оның 36-сы – мопед пен скутер. Ал алыс жолға жүретін 39 автобус иесі орындықты алып тастап, төсек қойған. Бұл жолаушы үшін аса қауіпті. Күн жылынғалы бері осындай заңбұзушылық жиілеген. Сондықтан тәртіп сақшылары күшейтілген жұмыс кестесіне көшті.
ТОҚТАРБЕК ӘШІРБАЕВ, ПП ПОЛК КОМАНДИРІНІҢ ОРНЫБАСАРЫ:
— Жалған мемлекеттік нөмірмен жүрген, мас күйде көлік басқарған, жүргізуші куәлігінен айырылғанына қарамастан рөлге отырған, қарсы бағытқа шыққан, апатты жағдай туындатқан және заңсыз жолаушы тасымалдаған жүргізушілер жауапқа тартылды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.