«Бағанашыл» балалар үйінің тәрбиеленушілері Қонаев қаласына көшірілмейді. Білім алуды Алматыда жалғастырады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әкімі Дархан Сатыбалдыға балалар үйін жөндеп, оны қаланың балансына алуды тапсырды. Сонымен қатар жағдайға байланысты Президент Әкімшілігі қызметтік тергеу жүргізбек. Билік барлық жетім баланың құқығы заңмен толық сақталатынын мәлімдеді.
Бұл жағдай наурыз айынан бері жалғасып келеді. Сол кезде балалар үйінің тәрбиеленушілері Қонаев қаласына көшірілгелі жатқанын айтып шағымданды. Ресми себеп – ғимарат пайдалануға жарамсыз. Жасөспірімдер өздерін басқа қалаға жібермеуді сұрап, бейнеүндеу де жариялаған. Соған қарамастан, бүгін балаларды автобусқа күштеп мінгізбек болған.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.