Елімізде заңсыз алтын өндірген 5 кәсіпорын анықталды. Айталық, Абай, Жетісу, Түркістан және ШҚО-да геологиялық барлауға ғана рұқсаты бар кәсіпорындар алтынды астыртын өндіріп, өңдеп отырған. Тінту кезінде 6 700 тонна алтын құрамды кен, 300 тонна сұйық кен, 120 тонна селитра, жарылғыш заттар мен детонаторлар тәркіленді. Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.
ҚУАНДЫҚ АЛПЫС, ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӨКІЛІ:
— Полицияға 62 адам, оның ішінде бірнеше ЖШС директоры мен құрылтайшылары жеткізілді. Анықталған заң бұзушылықтар бойынша құрамында бағалы металдар бар шикізаттың заңсыз айналымы фактілері бойынша бес қылмыстық іс тіркелді. Мемлекетке аса ірі көлемде залал келтірілгені анықталды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.