Астанада қоғамда үлкен резонанс тудырған Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық істің сот процесі жабық форматта өтіп жатыр. Астана сотының баспасөз қызметі мәлімдегендей, отырыс банк құжаттары сияқты құпия мәліметтер қаралуына байланысты жұртшылық үшін ашық болмайды.
Айта кетейік, Перизат Қайратқа ұрлық пен алаяқтық бойынша айып тағылды. 2024 жылдың қараша айында Перизат Қайрат су тасқынынан зардап шеккендерге арналған қайырымдылық көмекті жинау кезінде 1,5 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікпен қамауға алынған болатын. Тергеу материалдарына сәйкес, осы соманың бір бөлігі жеке қажеттіліктерге – элиталық жылжымайтын мүлік пен қымбат көліктер сатып алуға, сондай-ақ шетелдік сапарларға жұмсалған.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.