10 млрд теңге салық төлемеген: контрабандамен айналысқан компания сотталды

Қытайдан 100 контейнер заңсыз кіргізген жауапкершілігі шектеулі серіктестікке үкім шығарылды. Алматыдағы уәкілетті экономикалық оператор мәртебесіне ие компания 10 серіктестікпен келісіп жалған шот фактура жаздырған. 10 млрд теңге салық төлемеген. Қытайдан Қазақстанға халық тұтынатын тауарларды контрабандалық жолмен әкелген. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, мемлекет бюджетіне 643 млн теңге өндірілді. Сот санкциясымен жер телімдеріне, автокөліктеріне, багги көліктері, жылжымалы шатырларына шектеу қойылды. Компаниямен байланыста болған 47 серіктес кәсіпорын өз еркімен есеп айырысуды тоқтатып, бюджетке 240 млн теңге салық төлеген.
ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Алматы қаласының Алмалы аудандық сотының үкімімен кінәлі тұлғалар мүлкін тәркілей отырып, 1 жыл 4 айдан 4 жыл 6 айға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар іске қатысы бар бір адамға халықаралық іздеу жарияланды.
———————————————