Қоймалардағы артық су өзен-көлге жіберіліп жатыр

Елдегі ірі су қоймаларында жиналған артық су өзен-көлге жіберіліп жатыр. Бұл – су тасқынының алдын алу және қауіпсіздікті күшейту мақсатында қолға алынған шара. Осы айдың ортасында Ақтөбе, Қостанай және Батыс Қазақстан облысындағы қоймаларда су деңгейі тиісті мөлшерден асып кеткен.
Ал Ақмола облысындағы «Астана» су қоймасынан секундына 20,02 текше метр су жіберілсе, Шығыстағы «Өскемен» су қоймасынан секундына 1 270 текше метр су жөнілтіліп жатыр. Ал Абай облысындағы «Шүлбіден» секундына 3 500 текше метр, Қарағандыдағы «Шерубай-Нұрын» қоймасына секундына 29,3 текше метр су жіберілуде. Негізі Солтүстік Қазақстан облысындағы «Сергеев» су қоймасынан қауіп көп. Сондықтан ол жақтан секундына 1556 текше метр су жіберіліп жатыр.
———————————————