Ақтөбеде газ құю бекетінде көлік өртенді

Ақтөбеде газ құю бекетінде жанып кеткен көліктен бір адам зардап шекті. Құю станциясының операторын күйік шалып, шұғыл медициналық мекемеге жеткізілген.
Айта кетейік, 25 литрлік тұрмыстық газ баллонын құю кезінде жеңіл көлік өртенді. Өрт сөндірушілер жалынды толық сөндіріп, бекеттің резервуарлары мен инфрақұрылымына оттың таралуына жол бермеді.
———————————————