Елдің шығысындағы 5 миллионнан астам гектар орман алқабы өртті ерте анықтау жүйесімен қамтылады. Биыл «Семей орманы» қорығында «ақылды» бейнебақылау камералары мен өрт дабылы орнатылады. Тағы 23 аймаққа осындай жүйе енгізіледі. Оның сыртында Марқакөл, Үлкен Нарын және Алтай сынды таулы аймақтарда сенсорлы камералары бар мұнаралар қойылады. Жоба осы күзде іске қосылады.
Соңғы бес жылда 600 мың гектардан астам орманды өрт жалмады. «Бұл жаңа құрылғылар өртті анықтап қана қоймай, оның таралу траекториясын есептеуге де мүмкіндік береді», — дейді мамандар.
МЕРХАТ ӘМІРОВ, ТАБИҒИ РЕСУРСТАР БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Ол желдің жылдамдығын, ауа ылғалдылығын көрсетеді. Өрттің ошағын анықтап, оның таралуына қатысты толық ақпаратты барлық қауіп-қатерімен бірге диспетчерге жеткізіп отырады. Бұл бізге өртпен күресте көп көмегін тигізеді деп ойлаймын.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.