Қазақстанда орташа зейнетақы мөлшері анықталды. Жыл басынан бері елімізде зейнетақы төлемдеріне 2 триллион 98 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалған. Оның 678 миллиард теңгесі базалық, ал 1 триллион 419 миллиард теңгесі ынтымақты зейнетақыға бағытталды. Елде қазіргі уақытта 2 миллион 489 мыңнан астам зейнеткер бар. Орташа зейнетақы мөлшері — 143 529 теңге. Оның ішінде ынтымақты зейнетақы — 95 912 теңге, базалық бөлігі — 47 617 теңге. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі келтірген дерекке сәйкес, жыл басынан бері базалық зейнетақы 6,5%-ға, ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға өсті. Бұл – инфляциядан 2% жоғары. Президент тапсырмасына сай, базалық зейнетақы кезең-кезеңімен артып келеді. 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап оның ең төменгі мөлшері – 32 360 теңге, ең жоғарғысы — 50 851 теңге.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.