Тыл ардагерлерінің еңбегі ерен

Жеңіс оңай келген жоқ. Екінші дүниежүзілік соғыста майданға бармаса да, тыл ардагерлерінің еңбегі ерлікпен тең еді.
Соғыс жылдары Ақтөбеге Мәскеу мен Днепропетровскіден рентген шығаратын ірі зауыт көшірілген. Кәсіпорында жару машиналары жасалып, ұрыс алаңына жөнелтіліп отырған. Бұл қондырғы алғаш рет 1942 жылдары қолданылған. Кейін «Ақтөбесельмаш» деп аты өзгертілген зауыт танкіге қажет қосалқы бөлшек, снаряд пен миномед шығарған. Кәсіпорын үш ауысыммен жұмыс істеген. Еңбек күші жетпегендіктен әйелдер, қарттар мен балалар да ауыр жұмысқа жегілген. Қазір өткен шақтан қалған естеліктерді мұражайдан көруге болады.
АЙБЕК ЕРТЕМІРОВ, ТАРИХИ ӨЛКЕТАНУ МҰРАЖАЙЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:
— «Ақтөберенген» зауытының өнімдері, КПМ-1, КПМ-2 жару машинкалары, сол Ұлы Отан соғысы жылдары шығарылған өнімдері сақтаулы тұр. «Ақтөбесельмаш»зауытында шығарылған өнімдердің кейбір бөлшектері, снарядтардың, миномедтердің бөлшектері, миномед жарықшақтары осы музейдің қорында сақтаулы тұр.
———————————————