Жол ережесін сақтамайтын шымкенттіктер көбейді | 25.04.2025

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

БАЛА ДӘРІГЕРІНЕ ТАЛАП
Педиатрлар аурухана мен емханаға қайтарылады. Денсаулық сақтау министрлігі бұл бағытты резидентурада ересектерден бөліп оқытуды шешкен. Бұл бала дәрігерінің тапшылығын азайту үшін қажет.

АҚЫЛЫ ЖОЛДАҒЫ ҚАУІП
«Астана – Қарағанды» тасжолында баған құлап, екі көлікке зақым келді. Зардап шеккендер жоқ. Енді жүргізушілер ақылы жол иелерінен майысып қалған автомобилін қалпына келтіруді сұрайды.

АЛТЫН ІЗДЕП АДАСҚАН
Абай, Жетісу, Түркістан және Шығыс Қазақстан облысында алтын көріп, жолдан тайғандар ұсталды. Ішкі істер министрлігі алтынды астыртын өндіріп келген бес кәсіпорынды анықтады. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

АПАТ БОЛА ЖАЗДАДЫ
Петропавл тұрғындары көрер таңды көзбен атырды. Қала маңында су көтеріліп, Заречный, Тепличное, Прибрежное ауылдарына қауіп төнді. Қорғаныс үшін салынған дамба жарылып кете жаздады. Су бөгеттен асуға жақын қалған.

СОҒЫСТАН ЕСТЕЛІК
Жеңіс күні жақындаған сайын шайқас жайлы естелік жиі айтыла бастады. Соғыс жылдары ұрысқа қажет қару-жарақ жасауға арналған Ақтөбедегі зауыттарда бел жазбай жұмыс істеген тыл ардагерлері тың дерек айтты.
———————————————