Семейде заңсыз құм сатқандар ұсталды

Семейде заңсыз құм сатушылардың жолы кесілді. Күдіктілер 68 мың тоннадан астам құм өндіріп, мемлекетке 272 млн теңге көлемінде залал келтірген. Қаржы мониторингінің мәліметінше, олар заңсыз кәсіппен шамамен 1 жыл айналысқан. Күдіктілерден 11 көлік, екі пәтер және жер учаскесі тәркіленді. Қылмыстық іс прокурорға жолданды.
ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГІ АГЕНТТІГІНІҢ ДЕПАРТАМЕНТІ:
Жалған сәйкестік сертификаттарын пайдалана отырып, құрылыс материалдарын өндіруші зауыттарға өткізген. Оны сатудан түскен табыс 150 миллион теңгеден асты. Күдіктілер осы қаражаттың бір бөлігін фронтальды тиегіш сатып алуға жұмсап, қосымша 6,2 миллион теңге мөлшерінде табыс тапқан.
———————————————