78 дәрінің бағасы өскен. Фармацевтикалық бақылау комитеті мамандары еркін нарықтағы дәрі-дәрмектер құнының кем дегенде 10% қымбаттағанын растады. «Мемлекет бұлардың баға саясатына араласпайды, оны нарық реттейді, бізде ондай 952 дәрі түрі бар», — дейді комитеттің бас сарапшысы.
Дәрі бағасын тұрақты ұстап тұру үшін Денсаулық сақтау министрлігі 6 мыңнан астам дәрі түріне шекті баға қойған. Тізімді Dari.kz қосымшасынан қарауға болады. Шекті бағадан асатын сомаға дәрі сатқан дәріханашылар айыппұл арқалайды. Биыл мұндай ешбір дерек тіркелмеген.
ӘСИЯ МОЛДИМАНОВА, ДСМ КОМИТЕТІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ:
— Шекті баға бар, дәріханалар шекті бағадан асырып сата алмайды. 2-3% пайда түссе де, олар бағасын төмендетіп, конкуренттік ортаға бейімделеді. Сондықтан таңбалауға байланысты дәрілік зат қымбаттады деген тұжырым дұрыс емес. Мониторингтің наурыз айындағы нәтижесі бойынша 565 дәрінің бағасы өзгермеген немесе 13% төмен түскен. Ал 78 дәрі қымбаттаған. Оның өзінде 10-12% қымбаттаған.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.