Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде. Қызылша дертінің тез таралуына алаңдаған дәрігерлер халықты жаппай иммундау шарасына шақырады. Сөздерінше, жыл басынан бері қызылша дертін 1300-ден аса адам жұқтырған. Дені – екпе салдыртпағандар. Елімізде бұл науқан қалай жүріп жатыр?
Асан Қалқаман 5 жасар Даринаны жалғыз тәрбиелейді. Жақында баласы қызылшамен ауырып шықты. Әу бастан екпе егуге мүлдем қарсы болғанын айтады. Өйткені вакцинаның тиімділігіне күмәнданған.
АСАН ҚАЛҚАМАН, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
— Вакцина керек шығар, балалар ауырып жатыр ғой. Біз екпе алмадық, сол үшін ауырып қалған шығар. ауруханада сегіз күн жатып шықтық.
Жыл басынан 1363 адам қызылшамен ауырған. Дертті жұқтырғандардың 75% – екпе алмағандар. «Эпидахуалды реттеудің жолы вакцина екенін айтады мамандар.
МӘДИНА ОРЫСБАЕВА, САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ:
— Қызылшаға қарсы вакцинация балаларға 1 және 6 жасында жүргізіледі. Көк жөтелге қарсы вакцинация 2-3-4 айында жүргізіледі. 12 -15 айлығында жүргізіледі. ревакцинациялау 6 жасында жүргізіледі.
ИНАРА БАРСАҚБАЕВА, ТІЛШІ:
— Аурудың алдын алудың жолы – иммундау шарасы. Дегенмен одан бас тартқандар саны жыл сайын тек көбейгенін байқауға болады. Мысалы, былтыр 20 мың адам екпе егуге қарсылық білдірсе, биылғы жылдың бірінші тоқсанындағы көрсеткіш 7 мыңнан асады.
Оған түрлі себеп бар. Көбіне діни нанымдар мен вакцинаға қатысты әлеуметтік желідегі жағымсыз ақпараттың кесірінен иммундау шарасына күмәнмен қарайды.
Сондай-ақ елімізде папиллома вирусына қарсы екпе егу науқаны жүріп жатыр. Қазір иммундау шарасының екінші кезеңі бастау алды. Бүгінде 9-13 жас аралағындағы 171 мың қыз баласына вакцина салынды. Бұл жатыр мойны обырының алдын алу үшін жасалып отыр.
МӘДИНА ОРЫСБАЕВА, САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ:
— Жоспарлы түрде 11 жастан асқан қыздарға жүргізіледі. Толықтырылған вакцинация 12-13 жастағы қыздарға жүргізіледі. Басқа жастағы топтарға вакцинация ақылы медициналық кабинеттерде жүргізіледі. Бірден бір талап вакцина біздің елімізде тіркелген болуы керек және вакцинациялаудың талаптары сақталуы қажет.
Барлық өңірде індетке қарсы вакцина салу жоспарлы түрде жүріп жатыр. Екпені алу үшін тіркелген емханаңызға жүгінесіз. Вакцинация тегін.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.