Қаланы басқарудың Smart Qonaev бірыңғай жүйесі енгізіліп жатыр. Алатау қаласының бас жоспарына да тың түзетулер жасалады. Президент қабылдауында болған Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев осылай мәлімдеді.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдің 2025 жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берілді. Өнеркәсіптік өндіріс көлемі 507,9 млрд теңге, ауыл шаруашылығы өнімі 97,4 млрд теңге, шағын ШОБ субъектілерінің саны 146,2 мыңға жетіп, 7,7% артқан. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 17 білім ордасының құрылысы қолға алынған. Мемлекет басшысы Қонаев және Алатау қалаларын дамытуға қатысты нақты тапсырмалар берді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.