Шыныдан жасалған «ақылды» әжетхана

Шымкентте шыныдан жасалған «ақылды» әжетханалар пайда болды. Smart-дәретханаға QR-код немесе face id арқылы тіркеліп кіреді. Яғни кез келген адам баса көктеп кіріп кете алмайды. Арнайы жүйені орнату вандализмнің алдын алуға көмектеседі.
Заманауи жобаның авторлары көшедегі бұл әжетханалардың да қала көркіне үлес қоса алатынына сенімді. Smart әйнектер адам кіргенше ішкі көріністі толық көрсетеді, ал есік жабылғаннан кейін автоматты түрде күңгірттеледі. Сонымен қатар онда жаз мезгілінде салқындатқыш, қыста еденді жылыту жүйесі қосылады. Қазір мұндай «ақылды» әжетхана үш жерде орналасқан. Алдағы уақытта мұндай орындардың санын 40-қа жеткізу жоспарланып отыр.
———————————————