Қалың киімді жинап қойсаңыз, қайта шығарыңыз. Ертең елде күн суытады.
Синоптиктердің болжамы бойынша, алдымен батыс өңірлерде, содан кейін солтүстік, шығыс және елдің орталығында күн салқындайды. Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында 29-30 сәуірде түнде үсік жүреді деп күтіледі. 30 сәуір мен 1 мамырда Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында ауа температурасы нөлден төмендейді. «Сол күндері Ұлытау және Абай облысында да суық болады», — деп болжайды Қазгидромет.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.