Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ШЕРЗАТ ПОЛАТ ІСІ
Шерзат Полаттың ісіне қатысты сот отырысы жалғасты. Бүгін куәгерлер сөйледі. Бірақ олардың айтқаны бір-біріне қарама-қайшы.
ҚҰМ САУДАГЕРІ
Семейде екі кәсіпкерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Олар құмды заңсыз қазып, құрылыс материалдарын шығаратын зауытқа сатқан. Мемлекетке 272 миллион теңге зиян келтірді.
ДӘРІ БАҒАСЫ ӨСТІ
70 шақты дәрінің бағасы өсті. Дәріханалар таңбалау талаптарын сылтау етіп, дәрі-дәрмек ақысын аспандатып жіберді. Фармацевтикалық бақылау комитеті не дейді?
МӘЖБҮРЛІ КӨШ
Солтүстік Қазақстан облысының Большая Малышка ауылының тұрғындары үдере көшті. Түнде елді мекен шетіндегі топырақ үйіндісін су шайған. Халықтың дені туыстарына жайғасты.
ҮСІК ЖҮРЕДІ
Елімізде күн күрт суытады. Алдағы екі тәулікте батыс, солтүстік және шығыс өңірлерінде түнде аяз болады. Қазгидромет мамандары жылы киінуді ескертіп жатыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.