Шерзат соты: бір қыз пышақ таратқан

Шерзат Полат ісінде тың деректер айтыла бастады. Талдықорғандағы сот отырысында куәгерлерді тыңдау жалғасып, Шерзат Полаттың ағасы Нұрғанат Ғайыппаевтың тірі кезінде берген түсініктемелері оқылды.
Марқұмның тергеу кезіндегі жауабында куәгер болып отырған қыздардың іске тікелей араласқаны жазылып, бейнекамераға түсірілген. Ол жерде Нұрғанат Ғайыппаев оқиғаның қалай өрбігенін де көрсетіп үлгерген. Айтуынша қыздардың бірі дүкеннің есігін тіреп, Қаржаубайды сыртқа шығармауға тырысқан. Ал тағы бір қыз көліктен пышақ алып, сотталушыларға таратып берген. Бүгінгі сот отырысында өзге де куәгерлер жауап берді. Олардың қатарында оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары да бар.
ДАНА СӘРСЕНБАЙ МЕМЛЕКЕТТІК АЙЫПТАУШЫ
— Іштен ағам Қаржаубай іштен шыға алмай тұрады. Есікті бір қыз жібермей тұрған екен. Аяғымен есікті тіреп тұрған. Бір қыз машина жақта болды. Мерседестің қасында. Сол кезде пышақ шығып бастады. Яғни Мерседес маркалы автокөліктен келген қыздың біреуі автокөліктен пышақтар алып беріп тұрды. Бірінші Нұрқиястың қолына келді.
———————————————