Сапқа тұрғызып, соққыға жыққан. Полиция оқушыларды аяусыз ұру дерегін тексеріп жатыр. Әлеуметтік желіде қатарластары бірге оқитындарға әлімжеттік жасағаны бейнеленген жазба жарияланды. Оқиға Алматы облысында болған. Өңірдің білім басқармасы, бейнежазбаның Іле ауданындағы мектептердің бірінде түсірілгенін растады. Бұл жағдай былтыр күзде болған. Ал бұзақылық жасаған оқушы осы наурызда басқа мектепке ауыстырылған. Ештен кеш жақсы. Енді оқиға ізімен арнайы комиссия құрылды. Тексеруден соң оқиғаға қатысушылар және олардың заңды өкілдері, кемшілікке жол берген ұйымның жауапты мамандары жазаланады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.