Қытайлық компания 1 миллиард теңгеге айыппұл төлеуге міндеттелді. Экология депаратменті Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданындағы ірі жол нысандарында жұмыс істейтін құрылыс компаниясына тексеру жүргізді. Қытай кәсіпкерлері экологтардан рұқсат алмай, асфальт-бетон зауыты мен ұсақтау қондырғысын салған. Тергеу барысында шетелдіктердің заңсыз жер қойнауын пайдаланумен айналысқаны анықталды. Кәсіпкерлер тағылған айыппен келіспегендіктен, сотқа шағымданып, апелляцияға берген. Алайда судьялар сотталушыларға салынған 1 миллиард 66 миллион айыппұлды орынды деп есептейді.
Айта кетейік, 2024 жылы бұл компанияға экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін 262 миллион теңге айыппұл салынған.
АЗАМАТ ТАУІРБЕКОВ, ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ М.А.:
— 2022 жылдан 2024 жылға дейінгі кезең тексерілді. Қыркүйек айында тексергенде кәсіпорын Экология департаментінің рұқсатымен жұмыс істеген, ал 2022 жылдан 2024 жылдың 12 шілдесіне дейін ұсақтау-сұрыптау кешені тиісті рұқсатты алмаған. Сол үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.