Қаскелеңдегі заңсыздық. «Торедо» серіктестігі көпқабатты тұрғын үйді лицензиясыз және жобалық-сметалық құжатсыз салған. Осы іс бойынша тергеу аяқталды. Компания заңсыз құрылысты әлеуметтік желіде ашық жарнамалап келген. Сөйтіп, 100-ден астам азаматтан 972 млн теңге жинаған. Алайда құрылыс жұмыстары талапқа сай жүргізілмеген және белгіленген мерзімде аяқталмаған. Осыдан кейін үлескерлер құзырлы органдарға шағымданып, іс қозғалған.
САЛТАНАТ КӨШЕРБАЕВА, ҚМА БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:
— Сот санкциясымен күдіктілердің 240 млн теңгеден асатын мүлкіне тыйым салынды. Олардың ішінде 12 жер телімі, 9 автокөлік, аяқталмаған үшқабатты ғимарат және жеке тұрғын үй бар. Қазіргі уақытта күдіктілер қамауда. Іс сотқа жолданды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.