Көптеген елді мекен тұрғындары Астанаға немесе өзге мегаполиске көшу жоспары жоқ екенін айтты. Бұл – Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты жүргізген сауалнаманың нәтижесі.
Респонденттердің 86%-ы өз үйлерін тастап кетуді жоспарламайды. Тек 12%-ы көшуге қызығушылық танытты. Қазіргі уақытта елімізде 12,5 миллионнан астам қала тұрғыны мен 7 миллионнан аса ауыл тұрғыны бар. Еңбек ресурстарын дамыту орталығының болжамы бойынша, бес жылдан кейін қала халқының саны 64%-ға, ал ауыл халқының саны 36%-ға жетеді.
Демек еліміздің көші-қон саласында осындай өзгеріс байқалады. Жалпы бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше рет айтқан болатын.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
— Аймақтық дамудағы алшақтықтарды қысқарту үшін инфрақұрылым, әлеуметтік қамтамасыз ету, экологиялық көрсеткіштер және басқа да негізгі параметрлер бойынша артта қалған аймақтарды анықтау қажет. Орталықтың күш-жігерін осындай диспропорцияларды жоюға бағыттау керек. Осы мақсатта қазіргі уақытта аймақтық даму тұжырымдасамы әзірленіп жатыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.