Ауылдық жерлерде денсаулық сақтауды жаңғырту ұлттық жобасын жүзеге асыру өте нашар. Әсіресе Ақтөбе, Жамбыл, Жетісу және Шығыс Қазақстан облысында жағдай мәз емес. Бүгін Үкімет отырысында осы өңір басшылары сөз естіді. Ұлттық жоба аясында 650-ден астам елді мекенде медициналық пункт салуға бюджеттен 120 млрд теңге бөлінген. Бес өңірде медициналық нысан құрылысы толық аяқталған. Қалған облыстарда бұл шаруа ақсап тұр. Олжас Бектенов әкімдерге құжат жұмысын реттеуге 15 күн уақыт берді.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:
— Өңір әкімдері биыл жоспарланған барлық медициналық объектіні мерзімінен кешіктірмей іске қосуды қамтамасыз етсін. Сондай-ақ бұл жұмыстың сапасына теріс әсерін тигізбеуге тиіс. Жетісу, Ақтөбе, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері осы жылғы 15 мамырға дейін аудандық ауруханаларды жаңғырту бойынша барлық жобалық құжаттаманы мемлекеттік сараптамаға жіберсін.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.